ҚР Президенті Қарақат Башанованы құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында 2 орын алуымен құттықтады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді. Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!»,-делінген құттықтауда.

Осыған дейін ҚазАқпарат Қарақат Башанованың «Junior Eurovision 2020» байқауында екінші орын алғанын жазған болатын.


Соңғы жаңалықтар