ҚР Президенті: ЕАЭО маңызды интеграциялық бірлестіктердің біріне айналды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ортақ ішкі нарықтағы кедергілерді жою міндеттері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Армения астанасы Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысып, одақты дамыту мәселелерін, соның ішінде ортақ ішкі нарықтағы кедергілерді жою міндеттерін талқыладық. ЕАЭО сыртқы серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытатын маңызды интеграциялық бірлестіктердің біріне айналып отыр. Сонымен қатар, осы шара аясында бірқатар мемлекет басшыларымен кездесу өткіздім», - деп жазады ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің instagram парақшасында.

Еске салсақ, кеше Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып сөз сөйлеген болатын.

Сондай-ақ, кеңес отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен, Иран Президенті Хасан Руханимен, Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Соңғы жаңалықтар