ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі саяси Форумында сөз сөйледі

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен жоғары деңгейдегі саяси Форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары - адамзатқа әлеуметтік, технологиялық және экономикалық жетістіктердің игілігі баршаға ортақ болатын кемел келешекке жетудің нақты жол картасын ұсыну екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөнінен артта қалып бара жатқанына алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешу үшін алдағы он жылдықта тиісті нәтижеге қол жеткізу мақсатында нақты шешім қабылдау қажеттігін айтты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барды.

Нью-Йоркте Қ.Тоқаев АҚШ-тың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті. Солардың бірі «Bloomberg» компаниясының жетекшісі Майкл Блумберг.

Авторы: Азамат Сыздықбаев

Соңғы жаңалықтар