+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚР Президенті: Білім жүйесін жаңғырту мәселелері Ұлттық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізіледі

2020 жылғы 21 ақпан 17:40
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті: Білім жүйесін жаңғырту мәселелері Ұлттық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа оқу жылы: Қазақстанда бастауыш сынып оқушылары қалай оқиды Балабақшалар әзірге жұмыс істемейді - министр Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етеміз - министр

Қоғам қайраткері, «BTS Digital» білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбекпен кездесу барысында кәсіптік-техникалық білім беру ісін және еңбек нарығын дамыту мәселелері талқыланды.

Саясат Нұрбек Президентке «Жаңа мамандықтар атласы» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы жайында айтты. Оның пікірінше, аталған жоба жастардың мамандық таңдауына және алдағы уақытта елімізде сұранысқа ие болатын кәсіптерді меңгеруіне көмектеседі.

Мемлекет басшысы білім беру саласында жаңа ғылыми әдістерді және технологиялық шешімдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, білім жүйесін жаңғыртуға байланысты мәселелер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізіледі.

Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековпен кездесуде ұлттық экономиканы дамыту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін жақсарту мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президентіне Институттың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT