ҚР Президенті барлық кен орындарына тексеру жүргізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет барлық кен орындарына тексеру жүргізуі қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет барлық мен орындарына тексеру жүргізуі тиіс. Егер кен орны құрдан бос алынса, онда оны қайтарып алу және ол жерде жұмыс істеуге дайын тұрғандарға беру қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президенті стрестік активтерді экономикалық айналымға шығару қажеттігін де баса айтты.

«Толықтай алғанда, егер жұмыс істемейтін активтер, оларды экономикалық айналымға тарту жайында айтар болсақ, онда стресстік активтер мәселесіне барынша байыппен қарау керек. Банктердегі мұндай тыйым салынған активтерді сатып алуға зады тұрғыда өкілетті субъектілер аясын кеңейту мүмкін деп санаймын. Қаржылық реттеу агенттігі Үкіметпен бірлесіп, стрестік активтердің цифрлық платформасын, инфрақұрылымын, қайталама нарықта сатып алу және сатылуын жасақтауы, оларды сатып алу үшін салықты қоса алғанда ынталандыруы қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар