ҚР Президенті «Астана ақшамы» және «Вечерняя астана» газеттерін мерейтоймен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана ақшамы» және «Вечерняя астана» газеттерінің ұжымын басылымның 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті елордалық қос басылым ұжымы! Басылымдар осы жылдар ішінде өсу-өркендеу кезеңдерінен өтті. Елордалық газеттер қаланың тыныс-тіршілігін ғана емес, жалпы халықтың жағдайын, елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын, мәдениет пен руханиятты өндіртіп жазып, қалың оқырманның ықыласына бөленіп жүр.

Сіздерді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ұлағатты сөзін берік ұстанып келе жатқан қарымды қаламгерлер, кәсіби журналистер деп білеміз.

Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңыз, көтерген мәселелеріңіз халықтың мұң мен мұқтажын, ойы мен пікірін, талабы мен тілегін қаузап, қоғам дамуына елеулі үлес қосып келеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірдей сіздердің еңбектеріңізді жақсы білемін және жоғары бағалаймын.

Ұжымдарыңызға шығармашылық табыс, әр қызметкердің отбасына бақ-береке тілеймін!», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.


Соңғы жаңалықтар