ҚР Президенті Әкімшілігінің фронт-кеңсесі азаматтарды қабылдауын тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің фронт-кеңсесі азаматтарды қабылдауын уақытша тоқтатты. Мұндай ақпарат ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың таралу қаупін төмендету бойынша алдын ала шаралар қабылдау мақсатында Президент Әкімшілігінің фронт-кеңсесі 2020 жылдың 16 наурызынан азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтататындығын хабарлайды. Ертерек жазылып қойған азаматтар кезектерін сақтайды және қабылдау қайта басталғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланады», - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар аталған хабарламада шағымдарды Президенттің виртуалды қабылдау порталы, «е-gov» электронды үкіметі және «Қазпошта» АҚ қызметтері арқылы беру мүмкіндігі сақталатындығын ескертілген.


Соңғы жаңалықтар