ҚР Премьері жер учаскесіне құжат беруді 1 жылдан 20 күнге дейін қысқартуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жер учаскелеріне рұқсат құжаттарын беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту жұмыстарын аяқтау қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру жол картасын әзірлеуді тапсырды

«Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жылдың аяғына дейін Агроөнеркәсіп кешені мен жер қатынастарын одан әрі цифрландыру жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Байланыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасына аса назар аудару қажет. Себебі онсыз заманауи цифрлық технологияларды пайдалану мүмкін емес», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар ол биыл жерлерді ғарыштан мониторингілеу бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2021 жылдың аяғына дейін бүкіл республикаға 100 пайыз тарату үшін бұл жұмысты келесі жылы да жалғастыру қажеттігін ескертті.

«Цифрлық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер келесі жылы жер қатынастарын цифрландыру, жер учаскелерін есепке алу мен ресімдеу процесінің ашықтығын арттыру, жер учаскелеріне рұқсат құжаттарын беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту жұмыстарын аяқтасын»,- деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар