ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар «ҚазАқпарат» ХАА үгіт материалдарын қалай орналастырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға және 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ 2021 жылғы 11 қаңтарға белгіленген кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ-ның www.inform.kz сайтында қызметтерді ұсынудың жалпы шарттары.

www.inform.kz (бұдан әрі – Сайт) Сайт иесі «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 28.09.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы қаулысының негізінде тіркелген кандидаттарға хабардар етеді:

1) партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, сондай-ақ «2021 жылғы 10 қаңтарға» белгіленген сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттар (бұдан әрі - Кандидат) үшін;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына «2021 жылғы 11 қаңтарға» белгіленген сайлауға қатысатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын (бұдан әрі - Кандидат) кандидаттар үшін

Сайтта сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі - үгіт материалдары) орналастыру үшін Интернет алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы төлемнің мөлшері туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннен бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады. Осылайша үгіт материалдарын сайтқа орналастыру 2020 жылғы 10 желтоқсан сағат 18.00-ден бастап 2021 жылғы 08 қаңтарды қоса алғанда жүзеге асырылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннен бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады. Осылайша, үгіт материалдарын сайтқа орналастыру 2020 жылғы 27 желтоқсан сағат 18.00-ден 2021 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда жүзеге асырылады.

Сайт жазбаша өтініш пен Сайттың меншік иесі мен кандидат арасында не кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде қызметтер көрсетеді.

Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта белгіленеді.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында реттілік тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтқа орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не өтініш бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді.

Үгіт материалдары Сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірілмей, 02.12.2020 ж. №219-НК бұйрығына № 1 қосымшаға сәйкес ұсынылады.

Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпарат берген адамның тегі қамтылуға тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жеке жауапкершілікте болады.

Сайттың меншік иесі, егер оларда республиканың конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеялары болса, сондай-ақ оларда басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидат Сайттың меншік иесінің талап етуі бойынша материалдарда жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Сайтта үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлем Сайттың меншік иесі ұсынған төлем /орындалған жұмыстар актісі шотының және шот-фактураның негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтқа орналастыруға жазбаша өтініштерді тіркелген кандидаттардан демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмешіт көшесі, 3, «Park Line» БО, 407-кабинет (коммерциялық бөлім) мекенжайы бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтқа орналастыруға жазбаша өтініштерді тіркелген кандидаттардан 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 09 қаңтарды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмешіт көшесі, 3, «Park Line» БО, 407-кабинет (коммерциялық бөлім) мекенжайы бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.

Факсимильді және Интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастыру прайс-парағы.



Соңғы жаңалықтар