ҚР ОСК: Сайлауды барлық қатысушылардың денсаулығына қауіпсіз өткізу – басты басымдық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сайлауды барлық қатысушылардың денсаулығы үшін барынша қауіпсіз жағдайда өткізу – басты басымдық. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау процесінің заңдылығы мен жариялылығын қамтамасыз етумен қатар, сайлауды барлық қатысушылардың денсаулығы үшін барынша қауіпсіз жағдайда өткізу – сайлау комиссиялары үшін басты басымдық», - деп атап өтті Берік Имашев комиссияның онлайн режимдегі отырысында.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының Сенат депутаттарының сайлауына байланысты отырысынан кейін ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы карантин және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі жағдайында онлайн режимінде жұмыс істейтіндігі айтылды. Барлық коммуникациялар техникалық байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар