ҚР МҚІА Волонтер жылы аясында ардагерлер мен көпбалалы аналарға көмек көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жыл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша волонтерлер жылы деп жарияланған болатын.

Осы ретте, Халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсету бойынша бүкіл республикалық бастамаларды қолдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2020 жыл бойы «Игі істер уақыты» акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы акция аясында мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағытталған волонтерлік және қайырымдылық іс-шараларына Агенттіктің қызметкерлері COVID-19 пандемиясы кезеңінде туындаған қиындықтарға қарамастан бірқатар іс-шара өткізді. Атап айтқанда:

- Ақмола облысы көпбейінді облыстық ауруханасы үшін оттегі концентраторы сатып алынды;

- сәбилер, қарттар үйлерінің аумағын және ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үйлерінің аумақтарын қоқыстан және қардан тазарту жұмыстары жүргізілді;

- саябақтар мен скверлер, сондай-ақ аллеялар аумағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық іс-шаралар өткізілді;

- су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсету қорына азық-түлік және қаражат жинау жүзеге асырылды;

- аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты зейнеткерлер үшін азық-түлік себеттері үлестірілді;

- «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқушыларға кеңсе заттары үлестірілді;

- «Донор күні» акциясы аясында мемлекеттік қызметкерлер қан тапсырды.

Жалпы алғанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен «Игі істер уақыты» акциясы аясында тұрғындарға қол ұшын созу бағытында жалпы саны 100-ге жуық іс-шара өткізілді.

Агенттік осындай іс-әрекеттер адамдардың көбін игі бастамалардың жақтаушылары болуға ынталандыруы бағытында жасалған игі істерді кеңінен жария ету жөніндегі бастамаларды қолдайды, сондай-ақ алдағы уақытта да мұқтаж адамдарға көмектесуге бағытталған қызметті жалғастыратын болады.


Соңғы жаңалықтар