ҚР Мемлекеттік хатшысы Жамбыл Жабаев пен Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ делегат Алматы облысындағы Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музей-үйінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы және қоғам қайраткерлері мен ақын, жазушылар Жамбыл Жабаев пен Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоғын қойып, құран бағыштады.

Содан кейін Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінде жас ақын, жазушылармен кездесу өтті. Жиын барысында «Жамбыл Әлемі» кітабының 30 томдығы таныстырылды.

Шара барысында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев биыл қазақтың біртуар ақынының 175 жылдық мерейтойы республика көлемінде кеңінен аталып өтіп жатқанын тілге тиек етті.

Тек Алматы облысында 700-ден астам түрлі іс-шаралар: әдеби кештер, тақырыптық экскурсиялар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, ақындар айтысы және ақын шығармашылығын насихаттауға бағытталған басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар