ҚР күш құрылымдарында COVID-2019 таралуына жол бермеу алгоритмі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның күш құрылымдарының ішінде COVID-2019 таралуына жол бермеу алгоритмі жарияланды. Тың ережелер ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысында көрсетілген.

Қорғаныс және Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметі) және Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID 19 таралу тәуекелін азайту жөніндегі алгоритмдер біршама нақтыланып отыр. Мұндағы мақсат - жеке құрам арасында қозғалысты қысқарту және COVID 19 таралу қаупін азайту бойынша өзара іс-қимыл жасау жолымен СОVID-19 жұқтыру қаупін төмендету.

Жеке құрамға және азаматтық персоналға мына міндеттер жүктеледі:

1) жеке құрамның қарулы күш құрылымдарының объектілері (корпустары, қабаттары, оқу бөлмелері, кабинеттер және басқа да үй-жайлар) арасында жүріп-тұруын болдырмау;

2) қауіпсіз әлеуметтік қашықтықтың күшейтілген шараларын сақтау;

3) қол алысуды болдырмау;

4) мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, курсанттар мен кадеттерге демалыс беруді болдырмау;

5) жеке гигиена және қоғамдық гигиена шараларын сақтау.


4. Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК және МКҚ құрылымдық бөлімшелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкерінің міндеті:

4.1. Жеке құрам арасында және ведомстволардың медициналық ұйымдарында COVID-19 анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

1) медициналық ұйымдардың «сүзгісінде» ЖРВИ және COVID-19 (катаральды көріністер, температура, жөтел) белгілері бар барлық адамдарды қабылдауды ұйымдастыру;

2) жабық үй-жайларда COVID-19-ға күдікті және ықтимал науқас анықталған кезде сұрау, тексеру кезінде медицина қызметкерлерінің барынша аз қатысуын қамтамасыз ету;

3) COVID-19-ға күдікті немесе ықтимал жағдайда пациентке бір рет қолданылатын медициналық маска ұсыну; ЖҚҚ, жеке профилактика құралдары бар жинақты сұратады; пациенттерді медициналық маскада, бас киімде, қолғаптарда және бір рет қолданылатын халатта қабылдау;

4) медициналық ұйымдардың басшыларын, госпитальдық эпидемиологты (штаттық эпидемиолог болмаған жағдайда – аумақтық ДСБ-ның) «Хабарлау схемасына» сәйкес - үй-жайдан шықпай хабардар ету;

5) COVID-19-ға күдікті науқасты оқшаулағаннан кейін үй-жайда қорытынды дезинфекция жүргізу;

6) жақын және ықтимал байланыста болған адамдарды саралап, байланыста болған адамдар тізімін құру;

7) оқшаулау жағдайлары болған кезде жақын байланыста болғандарды үйде оқшаулауды қамтамасыз етеді. Жағдай болмағанда карантиндік стационарда (үйдегі жақын байланыстар үшін), жеке құрам арасындағы жақын байланыстар үшін – жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда (әскери-медициналық бөлімшелерде);

8) медициналық ұйымдардың үй-жайларында санитариялық-дезинфекциялық режимнің жүргізілуін және сақталуын (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау) бақылау.

4.2. Үйде жеке құрам арасында COVID-19 анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

1) жеке құрамның үйдегі күдікті немесе ықтимал жағдайының тіркелгені туралы «Хабарлау схемасына» сәйкес хабарлау;

2) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жақын байланыста болған адамдарды зертханалық тексеруді қамтамасыз ете отырып, стационарлық және үй жағдайында карантинді ұйымдастыру үшін жақын және ықтимал байланыста болған адамдарды анықтау.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады.



Соңғы жаңалықтар