ҚР Қорғаныс министрі Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиевпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды еліміздің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзбекстанның Қорғаныс министрі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барып, университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты.
null 

Ұлттық қорғаныс университеті және Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын айта кеткен жөн.

Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшыларымен Әскери ынтымақтастық туралы келісімге және екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Соңғы жаңалықтар