ҚР Конституциясы нақты қол жеткізілетін мақсаттарға негізделген - И. Рогов
«Қазақстан Конституциясы нақты қол жеткізілетін мақсаттарға негізделіп отыр. Сонымен қатар Ата Заңда бекітілген құқықтар қоғамның, мемлекеттің мүмкіндіктеріне негізделген»,-деп тоқталды И. Рогов.
Осы ретте ол Қазақстан мемлекеттің барлық атрибуттарымен егеменді және тең құқылы мемлекет ретінде қалыптасқанын, Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіргенін, енді «Қазақстан-2050» Стратегиясымен дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына жетуге ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.
«Ата Заңды құрметтеу, конституционализм идеялары мен қағидаларына шынайы берілгендік, оларды жаппай қолдау - мемлекет алдында тұрған жоғары мақсаттарға жетудің кепілі болып табылады. ҚР Конституциясымен белгіленген бағытта мүлтіксіз жүру қажеттігі жыл сайын қоғам санасына көбірек сіңірілуі тиіс»,-деді ол.