15:34, 17 Наурыз 2021 | GMT +6
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің екі лауазым иесі қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің екі лауазым иесі қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;
Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды»,-делінген хабарламада.