ҚР Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқтырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде бір қызметкер індетті жұқтыруына байланысты қазіргі кезде ем-дом қабылдап жатыр. Оның денсаулық жағдайы тұрақты», - деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бөлек ол инфекциямен ауырғандармен қарым-қатынаста болған 530 адам анықталғанын жеткізді. Олардың біразы өздерінің кәсіби қызметін атқаруы барысында карантиндік шаралармен қамтылды.

Министрдің орынбасары 30-ға жуығы стационарлық карантинге жіберілгенін айтты.

«80-ге тарта адам үй жағдайындағы карантинде. Бүгінде көбісі жұмысқа шығып, қызметін жалғастыруда. Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің өміріне індет салдарынан қауіп төнуі жағдайы болмады», - деді Ю. Ильин.


Соңғы жаңалықтар