ҚР Ішкі істер министрі бірқатар басшыны тағайындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінде облыстық полиция департаменті басшыларының орынбасарлары мен аудандық полиция басшысы лауазымдарына үміткерлер қаралды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы жиында жаңа қызметке тағайындалатын азаматтардың қызмет жолындағы жетістіктері, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігі талқыланды.

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

– Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

– Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

– Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;

– Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.


Соңғы жаңалықтар