ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып Серік Оспанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның сайтына сілтемемен.

Оспанов Серік Жәмекеұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол түрлі жылдары Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды, сондай-ақ 3 шақырылымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Серік Оспанов индустриялық даму мәселелерімен айналысады.


Соңғы жаңалықтар