USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ҚР ІІМ Павлодар облысында итті өртеу оқиғасына қатысты түсінік берді

2021 жылғы 25 қазан 16:59
Бөлісіңіз:
ҚР ІІМ Павлодар облысында итті өртеу оқиғасына қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желі арқылы тараған итті тірідей өртеп жіберу оқиғасына қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жезөкшелер притонын ұйымдастырғандар 5 жылға сотталуы мүмкін Есірткі айналымымен күрес: 35 дәрігер жауапкершілікке тартылды Елордада ұйымдасқан қылмыстық топтан 37 келі гашиш тәркіленді

«Биыл 18 шілде күні «Жалобы Павлодар» Instagram парақшасында белгісіз біреудің итті өртегені туралы видео тарады. 19 шілде күні Қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Видеоматериал ұзақтығы бойынша қысқа болуына және нақты бір елді мекеннің айтылмауына байланысты қазіргі уақытта оқиға болған жер анықталу үстінде. Алдын ала іздеу нәтижесі бойынша оқиға Павлодар облысында болмағаны анықталды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, биыл шілде айында Instagram парақшасында белгісіз біреудің итті өртегені туралы видеожазба тарады. Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, тәртіп сақшылары оқиғаның Павлодар облысында болғанын болжаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT