ҚР ИДМ Астана-Франкфурт рейсінің кешігу себебін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Астана-Франкфурт рейсінің кешігу себебін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Lufthansa әуе компаниясының Астана - Франкфурт бағыты бойынша LH 649 рейсі 2017 жылдың 3 шілдесі күні 05:05-те ұшуы тиіс еді. Lufthansa әуе компаниясының өкілдерінің хабарлауынша, рейс әуе кемесінің техникалық ақауына байланысты ұшпай қалды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосалқы бөлшектер мен техниктер 2017 жылдың 3 шілдесі күні 23:00-де LH646 рейсімен жетеді. Осыған байланысты, әуе компаниясы LH 649  рейсін 2017 жылдың 4 шілдесіне, сағат 02:00-ге ауыстыру туралы шешім қабылдады», - деп жазды ҚР ИДМ ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің Фейсбуктегі парақшасына.

Кешіктірілген рейстің барлық жолаушыларына заңнама талаптарына сәйкес қызмет көрсетілді. Оларға сусындар мен ыстық тағамдар ұсынылды және жолаушылардың бір бөлігі Астана қаласының қонақ үйлеріне орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар