ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ведомство басшысы Серік Шәпкеновтің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1988 жылы «Қазагроөнеркәсіп» республикалық тресінің техникалық қызметкері болып бастаған.
Әр жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.
2013-2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2014-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы.
2017 жылдан 2021 жыл аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды
- Еңбек министрлігі қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыру жоспарын бекітті
- Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болды
- 25,5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды - Еңбек министрлігі
-
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
-
30 мыңнан астам қазақстандық жұмысынан айрылуына байланысты төлем алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам