ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

С.А. Брекешевті тағайындау туралы

2021 жылғы 10 қыркүйек

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 10 қыркүйек

№ 657

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев 1972 жылы Павлодар қаласында туған.

Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын бітірген (мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану (1995).

Еңбек жолы: «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары, экономист (1995-1997);

Ақтау қаласы бойынша салық бөлімінің инспекторы (1997);

«Мұнайгермес» өнімді материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өткізу басқармасы филиалының «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 8-разрядты инженері (1997-1998);

«Қарақұдықмұнай» жақ мұнай өндіру шебері, пайдалану инженері, кәсіпшілік менеджері (1998-2006);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті мұнай өндіру мониторингі басқармасының басшысы (1997 минералдық ресурстар (2007-2008);

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары (2009-2010);

Мұнай және газ министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры (2010-2014);

«BNG Ltd» ЖШС Бас директорының орынбасары (2014-2015);

«ҚазТрансГаз» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры (2015);

«ҚазТрансГаз» АҚ МТҚ басқару жөніндегі басқарушы директоры (2015);

«ҚазТрансГаз» АҚ Техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры (2015-2016);

«ҚазТрансГаз» АҚ департаменті (2016-2018);

«ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының техникалық саясат жөніндегі орынбасары (2018-2020).

2020 жылғы наурыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар