ҚР Ауыр атлетика федерациясы Ниджат Рахимовты қорғау үшін заңгер іздеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ауыр атлетика федерациясы допинг дауына іліккен ауыр атлет Ниджат Рахимовты қорғау үшін халықаралық білікті заңгерді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық тестинг агенттігі (ITA) ұлттық құрама мүшесі Нижат Рахимовтың атына тағылған айыптарға байланысты спортшы федерацияға өзінің кінәсіздігін қорғауға ниет білдіріп, құқықтық қолдау көрсету туралы өтініш берді. ITA хабарламасына сәйкес атлет өзінің жазбаша түсініктемесін 1 ақпанға дейінгі мерзімде ұсынуы қажет. Бұл ретте қосымша тәртіптік тыңдау сұралуы мүмкін, оның барысында спортшы өз дәлелдерін өзі айтуға мүмкіндігі болады», - делінген федерациясының таратқан мәлімдемесінде.

Федерация сонымен қатар қазіргі уақытта Федерация Лозанна қаласының Халықаралық спорт төрелігін қоса алғанда барлық инстанцияларда өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін халықаралық тәжірибесі бар жоғары білікті заңгерді тарту мәселесін пысықтап жатыр.

«Допингке нөлдік төзімділік қағидатын ұстана отырып, федерация бұл істі объективті тергеуге мүдделі және істі қарау барысы туралы ақпарат береді», - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетсек Ниджат Рахимов 2016 жылы зәр талдауын алмастырды деп айыпталуда. Дәл осындай айыппен 2017 жылғы Еуропа чемпионы Думитру Каптари да спорттан уақытша шеттетілген болатын. Ол дауға қатысты Ниджат Рахимовтың өзі де мәлімдеме таратқан еді.


Соңғы жаңалықтар