ҚР АШМ ақпаратына жылдам қол жеткізу үшін QR-код енгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі ведомство ақпаратына жылдам қол жеткізу үшін QR-код енгізді.

Бұл туралы осы ведомстоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі смартфон пайдаланушылар ведомствоның барлық ақпараттық ресурстарына жылдам қол жеткізулері үшін QR-код енгізді. Министрліктің ресми сайтына, Facebook және Instagram парақшаларына, Telegram және YouTube арналарына QR-код арқылы кіруге болады.

Осы инновацияның арқасында АӨК саласындағы жаңалықтарға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құжаттары мен хабарламаларына бір қадам жасап-ақ қол жеткізуге мүмкіндік бар. Ол үшін тек смартфонның камерасымен QR-кодты сканерлеу керек.


Соңғы жаңалықтар