ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram-да арна ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram желісінде арнасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі ақпарат тасқыны толастамаған заманда атқарушы биліктің халықпен үнемі байланыста болуының маңызы зор. Осы орайда, біздің министрлік те ашықтық қағидатын ұстанып, жаңа Telegram арнамыздың оқырмандарымен тың әрі өзекті ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады. Мұнда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметінен бөлек, басқа да мемлекеттік орталық органдардың жаңалықтары жедел жарияланатын болады», - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Оқырмандар ұсыныс-тілектерін [email protected] поштасына жолдай алады.

«Оларды, біз, міндеті түрде күнделікті жұмыс барысында ескеретін боламыз», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар