ҚПЛ: «Каспий» футболшылары сегізінші мәрте жеңілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін аталған турда екі ойын өткізілді. Қызылорданың «Қайсары» мен Петропавлдың «Қызылжар», Қарағандының «Шахтері» мен Ақтаудың «Каспий» командалары кездесті.

Алғашқы ойында «Қайсар» мен «Қызылжар» футболшылары жасыл алаңға шықты. Қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Олар 0:0 есебімен тең тарқасты.

Ал «Шахтер» мен «Каспий» арасындағы кездесуде қарағандылық клубтың жолы болды. 11-минутта «Шахтер» ойыншысы Гидеон Баа есеп ашты. Ал 82-минутта ақтаулық Бекзат Қабылан таразы басын теңестірді. Жеңісті голды 87-минутта қарағандылық Евгений Ткачук соғып, «Шахтер» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша «Каспий» сегізінші мәрте жеңілді.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте өткен осы турда «Тараз» бен «Тобыл» 0:0 есебімен тең түскен болатын. Ал 27 қыркүйекте «Қайрат» пен «Оқжетпес» 3:3 есебімен тең ойнаса, «Астана» мен «Жетісудан» 3:0 есебімен басым түсті.

Енді 12-тур ойындары 1 және 2 қазан күндері өтеді. Бұл турда 1 қазанда «Астана» мен «Каспий», «Қайрат» пен «Шахтер» командалары кездессе, 2 қыркүйекте «Қайсар» мен «Оқжетпес», «Ордабасы» мен «Тараз», «Тобыл» мен «Жетісу» командалары шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар