+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қойшығара Салғараұлы: «Egemen Qazaqstan» – қазақтың 100 жылдық шежіресі

2019 жылғы 15 қараша 13:08
Бөлісіңіз:
Қойшығара Салғараұлы: «Egemen Qazaqstan» – қазақтың 100 жылдық шежіресі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Egemen Qazaqstan газеті – қазақтың 100 жылдағы іс-әрекетінің шежіресі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, тарихшы Қойшығара Салғараұлы 100 жылдығы аталып өтіп жатқан бас басылымға осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы «Egemen Qazaqstan» газетін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады Серік Қирабаев: Ел газетін аударма-газет жасамай алып қалған Жұмабек Тәшенов еді Дархан Қыдырәлі: Egemen-нің 100 жылдығын Алаш қайраткерлерінің мерейтойларымен ұштастырып отырмыз

«Ел газеті жүзге келіп жатыр. Бұл жай ғана 100 жыл емес. 100 жыл – бүкіл қазақтың тарихы, қазақтың 100 жылдағы іс-әрекетінің шежіресі. Бұл – үлкен әрі ұлы мектеп. Бұл ұлы мектептен өткен адаммын. 17 жыл жұмыс істедім. Газеттің маған жасаған ең үлкен жақсылығы – қазақтың сол кездегі маңдайалды азаматтарымен сұхбаттасуға мүмкіндік берді. Сол адамдармен тілдесу, сұхбат үшін іздену, дайындалу барысында – әрқайсысы маған бір-бір мектеп болды. Сол ағалардың тәрбиесінің арқасында ол кезде жабық Алаш азаматтарының еңбегін оқыдым. Соның нәтижесінде бұрын көптің бірі – журналист ретінде күн көріп жүрген, берілген тапсырманы дұрыс орындауға ұмтылатын адам болып келсем – елдің жағдайын ойлайтын, халықтың мұңын жоқтайтын азамат болып шығуыма бірден-бір газеттің арқасы», - деді Қойшығара Салғараұлы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай елордада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері осы газетте жүріп, көп адамдарға көмектескенін еске алды.

«Үш адамның түрмеден шығуына мүмкіндік бердім. Қазалы ауданында тексеруге барып, жазған мақалам арқылы 10 адам сотталып, бюросын таратты. Ол – менің жазғыштығымнан емес ағайын. Ол – осы газеттің мықтылығынан, халыққа жаны ашитындығынан. Ал былай көмектескен адамым тағы көп. Мен ғана емес, газетте істеген қатарластарымның бәрі сондай болды», - деді ол.

Қойшығара Салғараұлы «Egemen Qazaqstan» газеті пенделікке бармауға үйреткенін айтады.

«Соның арқасында газетке журналист болып шығып, тарихшы болып шықтым», - деді тарихшы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT