Ковидке қарсы дәрі-дәрмек бағасы қалай тұрақталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин өткен жылы ковидке қарсы дәрі-дәрмек бағасының қалай тұрақталғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Монополияға қарсы 36 субъектімен жасалған комплаенс қорытындысы бойынша ПТР-тест қызметтерінің бағасы 15-тен 9 мың теңгеге дейін, содан кейін 9-дан 7,5 мың теңгеге дейін төмендеді.

2021 жылы 6 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығы COVID-19-ға ПТР-тест өткізу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті.

«Дәрілік заттар бойынша 8 өңірдегі 30 нарық субъектісімен, ақылы медициналық қызметтер бойынша – 15 нарық субъектісімен монополияға қарсы комплаенс жасалды. Дәрілік заттар нарығында 7 256 тауарға шекті бағалар келісілді, оның ішінде ковидке қарсы 84 дәрілік зат бар, оның 6,5 мыңы бойынша бағалар бұрынғы деңгейде қалды, 382-сіне – шекті бөлшек сауда бағаларының орта есеппен 20,7%-ға өсуі байқалады, 90 дәрінің бағасы орта есеппен 14,5%-ға төмендеді», - деді С. Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алқасының отырысында.

Оның айтуынша, бағаны реттеудің ерекше тәртібі енгізіліп, 23%-ға төмендетілген ковидке қарсы дәрілердің шекті бағалары қайта қаралды.


Соңғы жаңалықтар