Қостанайлықтар Латвияның шағынгабаритті ауыл шаруашылығы техникаларын шығару тәжірибесіне қызығушылық танытты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Латвияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Юрийс Погребнякс пен ЛР Экономика министрлігінен елшілік жанындағы кеңесші Владимирс Самойленко екі күндік ресми сапармен Қостанай облысында жүр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің және елші Юрийс Погребнякстың кездесуі болыды, онда тараптар әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қостанай облысы латвиялық елші келген Қазақстандағы алғашқы өңір болды. Юрийс Погребнякстың атап көрсеткеніндей, біздің елдеріміз арасында өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізілді, ол көптеген халықаралық жобаларды  жүзеге асыруға жәрдемдеседі.

«Экономикалық салада Қазақстан мен Латвия дәстүрлі түрде Жаңа Жібек жолы ауқымында, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика, логистика мен көлік салаларын, сондай-ақ білім беруді ұсынуды қозғайды», - деп атап өтті Юрийс Погребнякс.

Қостанай облысы аумағында латыш инвесторларының қатысуымен - Қазақстанның ірі кәсіпорындарының бірі  «LAMERC AGRO» ЖШС жұмыс жасайды. 2008 жылдан бері компания облыстың Қарабалық және Алтынсарин аудандарында жұмыс істеуде. Осы кезде инвестициялар көлемі 37 млн. доллардан асты. Компанияда 250 қызметкер еңбек етеді.

«Біз ынтымақтастыққа ашықпыз және ауыл шаруашылығында, ең алдымен сүт пен құс етін өңдеу саласындағы ұсыныстарды қарауға әзірміз», - деп ынтымақтастықтың басымдықты салаларын атап өтті Архимед Мұхамбетов. - Біздің облыс сондай-ақ машина жасау ісімен айналысады. Беларусьтің «Гомсельмашымен» ауыл шаруашылығы техникалары өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отырмыз. Біз шағын габаритті ауылшаруашылығы техникаларын шығаруды жолға қоюымыз қажет. Бұл бағытта Латвияның тәжірибесі бізге қызықты».

Латвия елшілігі тарапынан ынтымақтастық жөніндегі нақты ұсыныстарды жасау және қарау үшін бизнес-делегациялар сапарларымен алмасу қажет екендігі туралы ұсыныс түсті. Сондай-ақ Юрийс Погребнякс биылғы жылғы қазанда Астанада екі елдің ұкіметаралық комиссиясы құрылып, іскерлік кеңес отырысы өетінін атап өтті.

Латвиялық диипломаттың сапары бағдарламасы жергілікті ірі кәсіпорындарда - «Баян сұлу» АҚ, «Лидер 2010» ЖШС, «ССКБӨБ» АҚ сияқты ірі кәсіпорындарда жалғасты.

11 тамызда делегация LAMERC AGRO» ЖШС нысандарында болмақ. Компанияның қызметінің басты бағыттары - дәнді дақылдар, мйлы дақылдар (зығыр, рапс, соя), сондай-ақ бұршақ тұқымдас дақылдар өсіру. 

Соңғы жаңалықтар