Қостанайлық жігіт терезеден құлағалы тұрған сәбиді құтқарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында көшеде кетіп бара жатқан жігіт терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін сағат 18:30 шамасында Қостанай-2 шағын ауданында болған. Instagram қолданушылары әлеуметтік желіге видеоны жүктеді. Ер адам екінші қабаттағы ашық терезеден қарап тұрған сәбиге газ құбыры арқылы көтерілген.

«Бәріміз аулада жүрген едік. Кенет үйдің екінші қабатындағы терезеге шығып кеткен баланы көрдік. Сол уақытта жас жігіт жүгіріп келіп, сәбиді құтқаруға кірісті», - дейді Самал есімді оқиға куәгері.

Көршілердің сөзінше, бала үйде қараусыз қалған.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін терезеге бала өздігімен аша алмайтын бұғаттауыштар орнату қажеттігін ескерткен еді.



Соңғы жаңалықтар