Қостанайлық жасөспірім президенттік олимпиадада «алтын» еншіледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Әлижан Ыбыраев Президенттік олимпиадада бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарашаның 15-18 аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды қаласындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы университетте жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХIV Президенттік олимпиаданы өткізді. Биыл олимпиадаға республиканың 183 оқушысы жиналып, математика, физика, химия және биология пәндерінен білімдерін көрсетті.

Бұл додада өздерін лайықты танытқан «Назарбаев зияткерлік мектептері» құрама командасы «2021 жылдың үздік олимпиадалық командасы» атанды. Ал қатысушылар арасында Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы НЗМ оқушысы Әлижан Ыбыраев ерекше білім көрсетіп, Президенттік олимпиадада жеңімпаздардың бірі атанды. Бұдан бөлек, ол Қазақстандағы ең беделді техникалық университеттердің бірі Satbayev University-інде білім алу грантын алды.

Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша NIS оқушылары 4 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған.


Соңғы жаңалықтар