Қостанайлық полицейлердің көмегімен Ресейде жарылғыш заттар тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полицейлері ресейлік әріптестеріне жарылғыш заттарды тәркілеуге көмектесті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қаңтарда Қостанай полицейлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында жарылғыш заттардың, атап айтқанда, тротил құтылары мен тұтандырғыш түтіктердің фотосуретін анықтаған. Қостанай облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дереу суретті тексеруге кірісті. Жедел-іздестіру шаралары арқылы қостанайлық полицейлер фотоның Ресей Федерациясы аумағында жасалғанын, ықтимал сатушының аты-жөні мен жарылғыш заттар сақталған орынды тапты және ақпаратты ресейлік әріптестеріне жолдады», - деді Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Нәтижесінде Челябі облысының полицейлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, 13 қаңтар күні Челябі облысы Троицк қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады, одан жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың компоненттері тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар