Қостанайлық полицейлер із-түзсіз жоғалған бойжеткенге іздеу салды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат –2003 жылы туған Коробова Анастасия Александровнаның орналасқан жерін анықтау үшін облыстық полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 қаңтарда «Оңтүстік» полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, кәмелетке толмаған қызы Анастасия Коробованың жоғалып кеткенін хабарлаған.

17 жасар Анастасия бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалған.

«Коробова Анастасия Александровна 2021 жылғы 17 қаңтарда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім ұйымына қарасты ювеналды полиция бөлімшесінің есебінде тұр. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп белсенді іздестіру жұмыстарын жүргізуде, жастар көп жиналатын орындар тексерілді, әлеуметтік желілерде ақпарат жарияланды» делінген полиция ақпаратында.

Полиция жоғалып кеткен бойжеткенге қатысты ақпаратты жариялады.

Оның бойы – 156 см, орташа денелі, шашы ақшыл, иығынан төмен түскен, иығында татуировкасы бар.

Үйден шыққанда үстінде қоңыр куртка, көк түсті бас киім, сұр түсті шалма, ашық көк джинс шалбары болуы мүмкін.

Өзімен бірге ұялы телефон алмаған.

Кәмелетке толмаған қыздың тұрған жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.


Соңғы жаңалықтар