Қостанайлық педагогтардың 90%-дан астамы коронавирус вакцинасын алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылына дейін өңір педагогтарының 100%-ы вакцина алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде облыс педагогтарының 90%-ы вакцина алған. Процесс жалғасуда, тамызда мұғалімдер еңбек демалысынан шығып, жұмысқа оралады. Олардың арасында жол жүргендер вакцина салдырған. Жаңа оқу жылының басына дейін бөлек қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Барлығы Қостанай облысында вакцинаның бірінші компонентін 245 мың адам немесе халықтың 48,7%-ы салдырды. Екінші компонентті салдырғандар үлесі – 33%.

Еске сала кетейік, бұдан ерте Қостанай облысында 1 тамыз бен 1 қазан аралығында вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ойнатылатыны хабарланған болатын.


Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар