Қостанайлық өрт сөндірушілер 200 гектар аумақты шарпыған жалынды сөндірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық өрт сөндірушілер үшін өткен тәулік ауыр болды. Қостанай ауданы аумағында құрғақ шөп жанып, ол 200 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 қыркүйек сағат 19:10-да 101 нөміріне Қостанай ауданында Пригородный орманшылығының аумағында құрғақ шөп жанып, оның арты орман өртіне ұласқан. Өрт Октябрьское ауылынан 5 шақырым жерде шығып, 200 гектар аумақты шарпыған. Оқиға орнына Өрт орнына Пригородный және Арақарағай орманшылығының орман командалары келді, көмекке Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері тартылды. Барлығы 99 адам мен 27 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт тек таңға жуық ауыздықталған.

«8 сағат өткен соң, сағат 11:01-де өрт сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп түйіндеді ТЖД-дан.


Соңғы жаңалықтар