Қостанайлық оқушыларға компьютер алу үшін Үкіметтен қаржы бөлінді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында оқушыларға 9,5 мың компьютер алу үшін Үкіметтен қосымша қаржы бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталды. Тоқсан ішінде облыс мұғалімдері ақпараттық платформаларда 1,7 миллоннан астам сабақ өткізіп, 5 миллионнан астам қолданушы тіркелді. Синхронды форматта 17 мыңнан аса сабақ ұйымдастырылды.

«Қашықтан оқыту үшін сапалы жағдай жасау үшін үкіметтік резервтен 15 мыңнан аса компьютер сатып алуға 2,4 млрд.теңге бөлінген. Қазіргі таңда облысқа компьютерлік техниканың 9,5 мың техника жеткізілді. 15 қарашаға дейін қалған топтама – 5538 ноутбукты жеткізу жоспарда, олар облыс мектептеріне толығымен үлестіріледі. Қазір ата-аналармен онлайн байланыс жүйесі бірізділенді. «Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлығы мен оларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» мәселесі бойынша онлайн режимде ата-аналар жиналысы өтті. Ақпараттық платформалармен жұмыс тәжірибесі оңтайланды. Әзірлеушілермен кері байланыс ретке келтірілді, анықталған қателіктер дұрысталуда, өзгерістер енгізілуде», - дейді Зәуре Бәйменова.

Жиында айтылған тағы бір жаңалық – 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Әліппе» мен «Букварьдің» оралуы. Қостанай облысында аталмыш оқулықтарды апробациялау үшін Рудный қаласында 1 пилоттық мектеп анықталды


Соңғы жаңалықтар