Қостанайлық оқушыларға 12 мыңнан астам компьютер беріледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына 2479 компьютерлік техника жиынтығы жеткізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталуға жақын. Облыс мектептеріндегі оқу процесі жоспарлы режимде жүргізілуде. Жалпы 494 мектепте 110 206 оқушы білім алады. Қазір соның ішінде 337 мектеп штаттық режимде оқытуда. Оқушыларды компьютерлермен қамтамасыз ету мәселесі кешенді түрде шешіліп келеді. 31 қазанға дейін тағы 12 743 компьютерлік техника жиынтығын күтеміз, атап айтқанда 10691 ноутбук және 2052 планшет жеткізіледі, олар облыстың барлық 20 өңірінің мектептеріне таратылады», - деді басқарма басшысы.

Оқушылар жыл сайын берілетін материалдық көмектен құр қалмайды. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес арнайы 5 санаттағы (АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, ТЖ салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққандар) балалар тиісті көмегін алады.

«Оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін материалдық және қаржылық көмек ұсынылады.

Бүгінгі күні білім бөлімдерінің деректері бойынша Жаппай Оқыту Қоры 665,9 млн теңгені құрайды. Балаларға ыстық тамақ пен азық-түлік себеттері беріледі. Бұдан бөлек киімдер, мектеп құралдарын, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуды жоспарлап отырмыз», - дейді Зәуре Бәйменова.

Басқарма басшысы айтқандай, алдағы желтоқсан айында «Юбилейный» шағын ауданында мемлекеттік және орыс тілінде білім беретін 1200 орынға арналған жаңа мектепті ашу жоспарға алынды. Оның құрылысына 3,1 млрд теңге бөлінген. Осыған байланысты 14 қазаннан бастап оқушыларды алдын ала тіркеу басталды. Қазір жаңа мектепке 580 оқушы жазылған.


Соңғы жаңалықтар