Қостанайлық екі студент қыз із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы екі студент қыз іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы  Елена Кашаринаның айтуынша, бойжеткендердің туыстарының шағымына орай іздестіру істері қозғалып,  еліміздің барлық Ішкі істер бөлімдеріне бағыттама таратылды. Құқық қорғау органдары жоғалған қыздардың ісі бір-бірімен байланысты деп есептейді. Олар жақсы араласатын құрбылар болған, бірақ үйден шыққан уақыттары әртүрлі.

Садуақасова Назгүл Жиенбекқызы 24 қараша күні, ал Семегина Вероника Валерьевна 3 күннен кейін жоғалған. Деректер бойынша, Вероника жасыл түсті қысқа куртка, қара бәтеңке киген, өзімен бірге джинсы матасынан тігілген арқа қоржыны болған.

Назгүлдің үстінде қара түсті қаракүзен ішігі, қара етік, басында қыша түсті мойынорағышы болған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қыздарды Астанадан көрген және олар тірі. Бұл туралы елорда тұрғындары жоғалған студенттердің туыстарына ақпараттық-іздестіру парақшаларында көрсетілген телефондар бойынша хабарлаған.

 

Соңғы жаңалықтар