Қостанайлық ағайынды жігіттер Эльбрус шыңын бағындырды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық ағайынды Артем мен Александр Кулик әлемнің ең биік тау шыңдарының бірі - Эльбрусты бағындырды. ҚазАқпарат тілшісіне Артем Клик өзінің алған әсерімен бөлісті.

Артемнің айтуынша, ағайындыларға Эльбрусқа көтерілу идеясы былтыр келген екен. Алайда әлемде болып жатқан пандемияға байланысты ағайындылардың жоспары кейінге қалған.

«Карантинге байланысты өткен жылы жоспарларымызды жүзеге асыра алмадық. Есесіне бұл биыл болды. 11 шілде мен 18 шілде аралығында ойға алған жоспарымызды орындадық», - дейді Артем Кулик.

Эльбрусты бағындыру кезінде ағайынды Куликтерден басқаресейлік жігіттері мен жолнұсқаушылары болған.

«Біз өзімізбен бірге салмағы 45 келі болатын рюкзактарды алып жүрдік, онда өзімізге қажет болатын тамақ, барлық заттар, аяқ киім, шатырлар болды. Біз күн сайын шатырларда түнейтінбіз. Спарталық жағдайлар болды, жолда қар, жаңбыр, бұршақ және дауыл болды. Жоғарғы жағында ауа температурасы -25 градус аязға дейін жетті. Бірақ барлық кедергілерге қарамастан біз сенімді түрде нық жүрдік, өйткені біздің командамыз өте тату болды», - дейді А. Кулик

Артем айтқандай, команда шыңға шығыстан шығу туралы шешім қабылдаған.

Артем Куликтің айтуынша, тағы бір теңдесі жоқ әсер сыйлаған сәт – ағайындылардың шыңды бағындырған кезде Қазақстанның туын көтерген кезі. Бұл ұмытылмас ерекше әсерлер мен естеліктер сыйлаған.


Соңғы жаңалықтар