Қостанайдың 25 үздік спортшысы марапатталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыс орталығының 25 үздік спортшысын марапаттау шарасы өтті.

Іс-шара №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қабырғасында болды, сондай-ақ бұл оқиғамен қатар тағы бір шара - мектептің ең кіші оқушыларын спортшылар қатарына қабылдау өтті.

Қостанай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Евгения Вильямстің айтуынша, жас спортшылар бүгін марапатталып жатқан аға-апаларынан үлгі алулары керек.

«Олар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, Қазақстан туын көкке көтерді!» - деп атап өтті Е. Вильямс.

Қостанай облысы әкімінің мақтау грамоталарын, естелік кәдесыйлар мен жүлделерді тек спортшылар ғана емес, сондай-ақ олардың ұстаздары, яғни облыстық гандбол командасының бас бапкері Александр Третьяков алды.

Мүгедектер арасындағы жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері, Бүкіләлемдік ойындар чемпионы Павел Сидорчук, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шорт-тректен ҚР-ның 10 реттік абсолюттік чемпионы Николай Федоренко, бокстан ҚР чемпионы Антон Пинчук және тағы басқа спорт шеберлері марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар