Қостанайда жүк көлігін соққан жүргізуші мерт болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы 29 шілде күні сағат 21:30-да «Рудный-Қостанай» тасжолында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың 29 шілдесінде сағат 21:30-да Қостанайға кірер жолда (Рудный-Қостанай автожолы) 43 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігін басқара алмай, жолдың шетіне тұраққа қойылған 27 жастағы жүргізуші басқарған «JAC N944» маркалы жүк автокөлігін келіп соққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-дың» жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттардан көз жұмды», - делінген полицияның хабарламасында.

Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Арқалықта көлік қаққан электросамокаттағы ер адамның мерт болғаны және Қостанай облысында өлімге әкелетін жол-көлік оқиғаларының жиілегені туралы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар