Қостанайда жолды тазаламаған «Қазақавтожол» басшылары жауапқа тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жолдарды уақытылы тазаламаған «Қазақавтожол» ЖШС өңірлік филиалының лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды. ҚазАқпарат бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдағы қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен және «Қазақавтожол» ЖШС өкілдерімен бірлесіп күн сайын автожолдарда тексеру жүргізеді.

«Автожолдарды тексеру барысында кемшіліктер анықталды. Әсіресе, жол жиектерінде қар үйінділері көптеп жиналған. Мемлекеттік стандартқа сәйкес жолдарды уақытылы тазаламағаны және автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жөніндегі талаптарды, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін орындамағаны үшін «Қазақавтожол» ЖШС-ның жауапты тұлғаларына әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.


фото: www.arnapress.kz

Соңғы жаңалықтар