+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қостанайда жел электр станциясының құрылысын жемқорлыққа қарсы агенттік бақылайды

2020 жылғы 29 тамыз 01:09
Бөлісіңіз:
Қостанайда жел электр станциясының құрылысын жемқорлыққа қарсы агенттік бақылайды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жел электр станциясының құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ыбырай» жел электр станциясы Қостанай ауданында бой көтереді және жыл сайын 179 миллион киловаттан астам электр энергиясын өндіруге қауқарлы. «Protecting Business and Investments» жобасы шеңберінде құйылған инвестиция көлемі – 18,4 млрд теңге.

«Осы жылдың тамыз айында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен бас мердігер «Жел Электрик» ЖШС арасында инвестициялық жоба шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы келісімге қол қойылды. Бұл шешім нысанды салу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қабылданды. Біздің басты міндетіміз – бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды жасау және қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жою. Бұл «Protecting Business and Investments» жобасының басты мақсаты саналады. Жоба аясында бизнестік ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында инвесторлар мен кәсіпкерлерге көмек көрсету жүзеге асырылады», - деп атап өтті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов.

Бұл ауқымды жоба мемлекеттің жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламасы арқылы іске асырылады. Жел электр станциясын толық пайдалануға бергенде ауаға парникті газдардың бөлінуі жылына бірнеше мың тоннаға азаяды. Станцияның өзі мыңдаған отбасының электр қуатына деген қажетін өтеп, оны өндіруге жұмсалатын шығынды бірнеше еселеп азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы Қостанай облысында Protecting Business and Investments жобалық кеңсесі ашылғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы 44 рет келісім жасалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT