Қостанайда жаяу жүргіншіні көлігімен соққан жүргізуші қашып кеткен

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жол-көлік оқиғасынан соң қашып кеткен көлік жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 9 қазан күні сағат 19:50 шамасында болған. «Lexus» автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби мен Чехов көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолағында 40 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан соң жаяу жүргінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Кейін белгілі болғандай, зардап шегушінің қабырғалары сынып, аяғының буыны  шығып кеткен.

«Осы факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен әкімшілік өндіріс ісі қозғалды. Күдіктіге қатысты іздеу шаралары жалғасып жатыр» - делінген ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар