Қостанайда тұрғын үйге «бомба қойған» адамға іздеу салынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыстық полиция департаменті Қостанай қаласында «тұрғын үйге бомба қойылғанын» хабарлаған адамға іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , бүгін «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын үйге жарылғыш заттың қойылғаны хабарланды.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді. Тергеу-тексеру жұмысынан соң тұрғын үйден жарылғыш зат табылған жоқ.

Полиция «бомба» туралы хабар берген тұрғынға іздеу салды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалмақ.


Соңғы жаңалықтар