+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Қостанайда тұрғын үй құрылысына 9,3 млрд теңге бөлінді

2020 жылғы 3 қаңтар 00:02
Бөлісіңіз:
Қостанайда тұрғын үй құрылысына 9,3 млрд теңге бөлінді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында тұрғын үй кезегінде тұрған мыңнан астам адамды тіркеуден алып тастады «Әскери өнім» бойынша тұрғын үй өтінімдерін қабылдау басталды Атырауда 72 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

2019 жылы Қостанай облысында жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысына 9,3 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылдың деңгейінен 10%-ға жоғары.

«Бағалы қағаздарды шығару көлемі бойынша облысымыз көшбасшылардың үштігінде тұрғанын атап өткім келеді. 2017-2019 жылдары Қостанай облысының әкімдігі 22,0 млрд теңгеге облигациялар шығарды. «Бәйтерек Девелопмент» АҚ осы бағалы қағаздар сатып алып, бөлінген ақшаға тұрғын үйлер салынды», - деп жазды өңір басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіповтің сөзіне сенсек, қазіргі уақытта Қостанайдағы «Әуежай», «Юбилейный» және «Береке» жаңа шағын аудандары белсенді түрде салынып жатыр. Ал осы жылы «Қонай» шағын ауданын игеру жоспарлануда.

«Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру мақсатында 2019 жылы 8 объектіні іске асыруға 3,1 млрд теңге бөлінді. Қостанай ауданының Заречный ауылындағы «Северный» шағын ауданының құрылысы аяқталып келеді. 37 гектар алқапқа бірыңғай сәулеттік стильде 279 жеке тұрғын үй салынды. Былтырғы жылдың басынан бері облыста 658 пәтер берілді, бұл республика бойынша 4-орын. Нәтижесінде халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 21,8%-ға жетті», - дейді Саят Жүсіпов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT