+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Қостанайда студенттер үшін 5 жатақхана салынады

2020 жылғы 17 ақпан 22:32
Бөлісіңіз:
Қостанайда студенттер үшін 5 жатақхана салынады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде жатақхана мәселесінің толықтай шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Уханьнан эвакуацияланған қазақстандықтардың жағдайы қанағаттанарлық - министрлік Оскар-2020 жеңімпаздарының толық тізімі жарияланды Семей тұрғынының коронавирус жұқтырғандығы жайлы ақпарат жалған – министрлік

Осы уақытқа дейін студенттерді баспанамен қамту - түйіні шешілмей тұрған мәселе санатында болған. Енді бұл олқылықтың орны толмақ.

«Студенттерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті жалпы құны 707,2 миллион теңгеге 336 орынға арналған жатақхана салып жатыр. Бұдан бөлек Қостанай қаласында 4 студент үйін салу жоспарланды. Атап айтқанда, Қостанай медициналық колледжі, жоғары политехникалық колледжі, автомобиль көлігі колледжі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында жатақхана бой көтереді», - деді аймақ әкімі.

Архимед Мұхамбетов сапалы білім беруге қажетті жағдай жасау үшін жыл сайын облыс бюджетінен қомақты қаржы бөлінетінін айтты. Мәселен, былтыр білім саласының шығындарына 80,2 млрд теңге бағытталған.

«Қостанай қаласында 900 орынға арналған 2 мектеп ашылды. «Әуежай» шағын ауданындағы орта мектеп және мемлекеттік тілде оқытатын мектеп-гимназия өңірдегі үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік берді. Облыста тағы екі мектептің құрылысы басталды. 21 білім беру обьектісі күрделі жөндеуден өтті. 2020 жылы 15 білім нысанына 2,9 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр», - деп толықтырды Архимед Мұхамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT