Қостанайда шомылу маусымы басталғалы су айдынынан 17 адам құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы бері су айдынынан 17 адам құтқарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Орымбаев облыстық «АЛАУ» телеарнасының онлайн эфирінде айтты.

Спикер Қостанай облысы аумағында шомылу маусымының өту ерекшеліктері, судағы төтенше жағдайдың алдын алатын профилактика жұмысы туралы айтып берді.

Бұл - су айдындарында жергілікті патрульдеу, демалушылармен нұсқаулықтар, жадынамалар мен брошюралар тарату, БАҚ арналған баспасөз іс-шаралары, «Шомылуға тыйым салынады» ескерту аншлагтарын орнату, жазғы демалыс күндері ТЖД қызметкерлерінің ерекше бақылауында балалармен жұмыс, балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерге бару.

Құтқарушылар шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 17 адамды, оның ішінде 2 жасөспірімді құтқарды.

Департаменттің суда құтқару станциясы базасында 74 адам оқытылды, оның 49-ы жасақ құтқарушысы анықтамасын алды.

Облыс аумағында халықтың шомылуына арналған 9 ресми орын бар. ҚР Әділет министрлігінде және басқа да ведомстволарда тіркеу рәсімінен өткеннен кейін қосымша тағы 14 жағажай ашу жоспарланып отыр.

Егер демалушылар жабдықталған орында шомылатын болса, онда судағы жазатайым оқиғалар аз болады.

Содан кейін А. Орымбаев шомылу маусымының қайғылы статистикасын атап өтті.

«Тек 23 тамызда Тобыл өзенінде адамдардың қаза болуының екі фактісі тіркелді. Бұл - 1958 және 1968 жылы туған ер адамдар. Екінші жағдай Рудныйда, Фролов көшесінде шомылуға жабдықталмаған жерде болды», - дейді полковник.


Соңғы жаңалықтар