Қостанайда шекарашылар елге заңсыз әкелінген екі қымбат көлікті анықтады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қайрақ» өткізу пунктінде шекарашылар елге заңсыз әкелінген екі қымбат көлікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Карантин шектеу шараларына қарамастан, Мемлекеттік шекара арқылы құқыққа қайшы әрекеттер тоқтамай тұр. 5 шілдеде «Қайрақ« өткізу пунктінде (Қостанай облысы) шекарашылар шекаралас мемлекет аумағында айдап кетілуі ықтимал қымбат тұратын « Lexus RX 300« және «Тойота Камри 70« автомашиналарын елге заңсыз кіргізу фактісінің жолын кесті», делінген хабарламада.

Автокөлікті толық қарау кезінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізумен бүркемеленген шанақтың нөмірлік белгісін қолдан жасау белгілері анықталды.

«Материалдар одан әрі процессуалдық іс-қимылдар жүргізу үшін аумақтық полиция бөлімшесіне берілді. Шекарашылар шекарада өткізу пункттерінде жалған шанақ нөмірлері, теxникалық паспорттары мен басқа да қолдан жасау белгілері бар автомашиналарды тұрақты түрде анықтайтынын атап өту керек», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар